Жыл басынан бері жол апатынан 744 адам көз жұмды

Жыл басынан бері жол апатынан 744 адам көз жұмды

Жыл басынан бері жол апатынан 744 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
50752
Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 744 адам көз жұмды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.    ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, еліміздің жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза болады. Одан бөлек, 20 мыңнан астам адам әртүрлі дене жарақатын алады.
"Осы жылдың 6 айында елде 6 мыңнан астам жол апаты тіркелді. Онда 947 адам қаза тауып, 8110 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Жол апатының басым көпшілігіне жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін саналы түрде бұзуы себеп болады", – деді спикер.
Жол апатының 95 проценті жүргізушілердің кінәсінен болады. Яғни: жылдамдық режимін асыру; маневр жасау қағидаларын бұзу; жолдың қарсы бетіне шығып кету; жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жол ережесін бұзуы. Айта кетсек, жылдамдықты асыруға байланысты 1500-ге жуық факті тіркелді. Онда 300-ге жуық адам қаза тауып, 2000-ға жуық адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ал жол апаты салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 5 мыңнан астам жол апаты болып, 744 адам қаза тапты, ал 6909 адам дене жарақатын алды.

Серіктес жаңалықтары