Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті

Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті

Алматы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа өтті
ашық дереккөзі
50253
Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz  
 «Бүгінде Алматы «сары аймаққа» өтті. Қаланың бас санитарлық-эпидемилогиялық дәрігері қаулы дайындап жатыр. Қаулыда ведомствоаралық комиссия ұсынған барлық карантиндік талап көрсетіледі. Біз тұрғындарды түсіністікпен қарап, вакцинациялау мен ревакцинацииялаудан бас тартпауды ескертеміз», – деді Ержан Байтанаев.
Айтуынша, қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 80 пайызы – соңғы алты айда вакцина және ревакцинация алмағандар екенін айтты. Еске салсақ, бұған дейін ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына қарай енгізілетін шектеулер туралы айтқан еді.  Өңір «сары» аймаққа көшсе: Науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмысқа ауыстыру; Сovid-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс түріне ауыстыру; жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте масканы міндетті түрде кию; 10-нан астам адам қатысатын кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары