Павлодарда үй ауласынан екі адамның мәйіті табылды

Павлодарда үй ауласынан екі адамның мәйіті табылды

Павлодарда үй ауласынан екі адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
50533
Қайғылы жағдай Тереңкөл ауданының Береговое ауылында орын алды деп хабарлады turkystan.kz.    Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 02.10-да Мир көшесіндегі жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы ер адамның пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар денелері табылды.
 «Марқұмның кәмелетке толмаған баласы аман қалды, ол бөлмелердің біріне  тығылып қалған. Аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», – деді департамент өкілдері.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес - «екі және одан да көп адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмысты тергеумен Павлодар облысы Полиция департаменті айналысады.

Серіктес жаңалықтары