Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты
ашық дереккөзі
50302
Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.   Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде таңғы сағат 2:10 шамасында Самара-Шымкент жолында болған.
«33 жастағы ер адам басқарған Toyota Camry көлігі Ақтөбедегі Қобда ауылы бағытынан келе жатып, жылқыға соғылған. Жануар сол жерде өлген. Оқиға салдарынан жарақат алған жүргізуші мен екі жолаушы Қобда ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда жүргізуші алған жарақатынан келесі күні қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.
Қазір полицейлер жануардың иесінің кім екенін анықтап жатыр, табылған жағдайда жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары