Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады
ашық дереккөзі
51619
Қазгидромет синоптиктері шілде айында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжап отыр деп хабарлады turkystan.kz. Мамандардың болжамына сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында жауын-шашын тапшылығы байқалады. Сонымен қатар Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Қарақия ауданында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде су тапшылығы болуы мүмкін.
«Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тіптен оңтайлы болады», – деді «Қазгидромет» РМК синоптиктері.
 

Серіктес жаңалықтары