Бозымбаев жанармай бағасын ұстап тұруға уәде берді

Бозымбаев жанармай бағасын ұстап тұруға уәде берді

Бозымбаев жанармай бағасын ұстап тұруға уәде берді
ашық дереккөзі
201

Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұл туралы үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Қараша, желтоқсан айларында қымбаттау болды және оны халық сезінді. Біз бұл үрдістің белгілі бір уақытқа тоқтайтынынан үміттіміз. Ресей энергетика министрі Новакпен үнемі байланыстамын. Қаңтарда осы мәселе бойынша жұмыс істейміз. Дизелді отынға қазір сұраныс төмендеді. Баға тұрақты. Осы деңгейде қалады. АИ-92 маркілі бензин 132-139 теңге аралығында, ал дизель отыны 127-130 теңге шамасында", - деді  Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Қанат Бозымбаев сонымен қатар Қашаған іске қосылғалы бері 750 мың тонна мұнай алынғанын айтты. Ал жыл соңына дейін көрсеткішті 1 млн тоннаға жеткіземіз, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары