Шаурма жегіш егеуқұйырық ауру таратпай ма?

Шаурма жегіш егеуқұйырық ауру таратпай ма?

Шаурма жегіш егеуқұйырық ауру таратпай ма?
ашық дереккөзі
1161

Шаурманың істікке шаншылған етін емін-еркін кемірген егеуқұйрықты етпен «жарылқап» жүрген кімдер? Алматылықтардың көпшілігі сүйіп жейтін шаурманың етін егеуқұйрық кеміріп жатыр. Ұялы телефонның бейнекамерасына түсіріп жатқан адамдардан ығар емес. Құдды, істікке шаншылған мол еттің жалғыз қожайыны өзі екенін білетіндей...

Бұл Алматы-2 теміржол вокзалының ғимаратына кіреберісте (оң жақ қапталда) тұрған дүңгіршектегі оқиға. Төбесіне «ШАУРМА» деп жазылған сол дүңгіршектен алыс сапарға асыққан жолаушылар да, Алматыға қыдырып келген қонақтар да, вокзал маңында жұмыс істейтін азаматтар да... түгел шаурманы, яғни, жұқа нанға оралған етті сатып алады. Талайдың сүйікті мекеніне айналғаны да анық. Бірақ олардың бірде бірі егеуқұйрық кемірген еттен ауыз тиіп жүргенін білмейтіні белгілі. Ал ол жәндіктің ауру таратпайтынына кім кепіл?! Егер оқырмандардың есінде болса, азық-түлік сататын нысандарға тексеру қатаң. Тазалығы, тамақтың сақталуы мен стандарттарға сай болуы, нысандағы қауіпсіздік ережелерінің бұзылмауы... деген сияяқты көп талап қойылады. Бірақ егер осындай талаптар құзырлы органдар тарапынан жіті қадағаланып отыра ма? Өкінішке қарай, жоқ! Сыбайлас жемқорлық деген Қазақ қоғамында ол мүмкін емес те! Әйтпесе, ет тұрған үстелге егеуқұйрық қайдан келді? Дүңгіршектің жан-жағы түгел қымталмаған ба? Басқа зиянкес жәндіктер кіріп жүрген жоқ па ол жерге? Негізі әлеуметтік желілерді кезіп кеткен осы бейнебаянды құзырлы органдар дұрыстап тексергені жөн. Сол шаурма сататын дүңгіршектің қасында самса, дөнер сатылатын тағы бір дүңгіршек жапсарлас тұр. Оның санитарлық жағдайы қандай? Жалпы Алматы емес, Қазақстандағы азық-түлік, тамақ сататын орындардың ахуалы стандарттар мен талаптарға сәйкес келе ме? Мәселен, Алматыдағы самса пісірілетін дүңгіршектердің жанынан өтіп бара жатқанда дайын тағамның бетіне шыбын қонып тұрғанын, ал самса пісіретін жерде тазалықтың дұрыс сақталмайтынын сырттан анық байқауға болады. Ендеше ол жер санитарлық эпидемиялық стансалардың қадағалауынан қалай өтті? Жүйелі түрде тексеріліп тұра ма?

Тағы бір маңызды жайт, самса, дөнер, шаурма сияқты тез дайындалатын тағамдар адам денсаулығы мен өміріне өте зиян. Демек, адамдар санасына сол «ЗИЯН» деген ұғымды жақсылап сіңіру керек. Сонда тұтынушылық сұраныс болмайды, сататындарға пайда да түспейді. Пайда таппағасын, олар дүңгіршектерді жабуға мәжбүр болады.

Серіктес жаңалықтары