50365
Жамбыл облысында 171 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды
Жамбыл облысында 171 млн теңгені жымқыру фактісі анықталды
Жамбыл облысында «Жас Маман» жобасы бойынша бөлінген 171 миллион теңгеден астам қаржы ұрланды. Бұл туралы turkystan.kz Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚБҚ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі Жамбыл облысы бойынша АФМ аумақтық департаменті тергеп жатыр. Департамент қызметкерлері «Жас Маман» жобасы бойынша бөлінген 171 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады», - делінген хабарламада.АФМ түсіндіргендей, қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиісті сараптамалар жүргізілуде.