Қаңтар оқиғасында ерлік көрсеткен сарбаз марапатталды

Қаңтар оқиғасында ерлік көрсеткен сарбаз марапатталды

Қаңтар оқиғасында ерлік көрсеткен сарбаз марапатталды
ашық дереккөзі
50419
Қаңтар оқиғасы кезінде батыл да қайсар әрекетімен қоғам тыныштығы үшін күрескен әскери сарбаз Самандар Тәшкенбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz. Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. «Ұлттық Ұланның» сапында қызмет ететін сарбаз тәртіпсіздік кезінде бұзақыларға тойтарыс беріп, жолындағысын қиратып келе жатқан техниканы тоқтатып қалған болатын. Самандар Тәшкенбаев – №6506 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы 8-ші ротаның командирі. 21 жастағы Самандар Тәшкенбаевтың Қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметке алынғанына әлі жыл да толмаған еді. Сын сағатта әбжіл қимылдап, ел мен жерді қорғап қалған оның әрекеті енді көпке үлгі болады.
 «Жүрегіме қолымды қойып айтқым келеді. Негізі, 90 пайыз жастар жоғары тәрбиесі бар, патриоттық сезімі бар. Аталарына, әкелеріне қарап өседі. Дұрыс тәрбие берсе, еліміздің деңгейі жоғары болады деген ойым бар”, – дейді ҚР Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшысы Талапкер Әміреев.
   

Серіктес жаңалықтары