Туристер тауға шыққан сәтте мұздық еріп, қар көшкіні жүрді

Туристер тауға шыққан сәтте мұздық еріп, қар көшкіні жүрді

Туристер тауға шыққан сәтте мұздық еріп, қар көшкіні жүрді
ашық дереккөзі
50302
Қырғыз Республикасына Ұлыбританиядан келген турист Гарри Шиммин шың басындағы мұздықтар еріп, қар көшкен сәтті видеоға түсіріп алған. Ерекше құбылысқа қызыққан ол көшкіннен қорқып тұрса да, бұл сәтті видеоға түсіргеніне өкінбейді, – деп хабарлайды turkystan.kz АКИpress-ке сілтеме жасап. Көшкін Жууку асуындағы Арабел шатқалы мен Ыстықкөл қазаншұңқыры түйіскен жерде болғаны анықталды. Ерекше құбылыс болған сәтте бір топ турист саяхаттап жүрген. Олардың арасында  тоғыз Ұлыбритания және бір АҚШ азаматы болған. Бір қуантарлығы, туристер кенеттен төнген қауіптен қатты зардап шекпеген. Ерекше құбылысты көрген туристер жеңіл жарақат алса да, шатқал маңайын фотоға түсіріп, саяхатын ары қарай жалғастырды.  

Серіктес жаңалықтары