Қостанайдың қақ ортасында үш адамды сиыр сүзіп кетті (ВИДЕО)

Қостанайдың қақ ортасында үш адамды сиыр сүзіп кетті (ВИДЕО)

Қостанайдың қақ ортасында үш адамды сиыр сүзіп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50862
Қостанай қаласының орталығында үш адамды сиыр сүзіп кетті деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Желіде қаланы аралап жүрген сиырдың видеолары пайда болды. Қожайынынан қашқан сиыр агрессивті әрекеттер жасапты. Видеоға қарағанда, аулалардың бірінде сиыр әйелді құлатып кеткен. Сиыр қаланың үш тұрғынын сүзіп алған.
«Жамбас сүйегінің сынуы деген болжаммен ер адам ауруханаға түсті, бір әйелдің аяғы көгерген, ал зейнеткердің қол сүйегі сынған», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Ал Полиция басқармасы сиырдың иесін анықтап, тиісті шаралар қабылдаған.
«Полицейлер жануардың иесін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілді. Қазір сиыр қоршалған аумақта, иесі оны алып кетуі керек», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Наша Газета|Новости| Kostanay (@ng.kz_)

Серіктес жаңалықтары