12 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

12 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды

12 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
ашық дереккөзі
50322
Мәскеуде жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков ұсталды деп хабарлады  turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметі бойынша, ведомствоның елордадағы департаменті күдікті Болат Алтынбековке 2010 жылдан бастап халықаралық іздеу жариялаған. Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ҚР ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алды, - деп жазылған хабарламада. Ол тергеу органдарынан жасырынып, аты-жөнін «Алшер» деп өзгертіп алған. Енді ол Қазақстанға экстрадицияланады. Болат  Алтынбеков "Астана Трейд Интернешнл" құрылыс компаниясын басқарған болатын.

Серіктес жаңалықтары