50242
Жұмысынан айырылған 60 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Жұмысынан айырылған 60 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 59,8 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 50 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.