Кентаудың бұрынғы әкімі сотталды

Кентаудың бұрынғы әкімі сотталды

Кентаудың бұрынғы әкімі сотталды
ашық дереккөзі
50277
Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлады turkystan.kz.   Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шығарды. Ол 366-баптың 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
«Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты 24-баптың 7-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды. Мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, ведомстволарда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау органдарында, мемлекеттік ұйымда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу және он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемелері болып тағайындалады. Мерзім сот үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі. 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қамауға алу мерзімі жаза мерзіміне есептелсін»,  – деп үкімді шығарды Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Мәртпек Кәкімжанов.

Серіктес жаңалықтары