50589
Елорда оқушылары үшін бірыңғай форма енгізілді
Елорда оқушылары үшін бірыңғай форма енгізілді
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы қара-көк түсті бірыңғай мектеп формасын енгізді деп хабарлады turkystan.kz.
«Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының барлық білім беру ұйымында оқушылар бірыңғай қара-көк түсті мектеп формасына көшірілді. Бірыңғай мектеп формасы бекітілгеннен кейін қала мектептерінің басшылары жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды мектеп формасын сақтау талаптарымен таныстырады», – делінген Білім басқарманың сайтында.Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайды. Ең бастысы, сатып алынған форма төменде жазылған талаптарға сәйкес келуі керек:
- мектеп формасының түсі – қою көк.
- мектеп формасы классикалық стильде жасалған;
- пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, (суық мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған еркін пішілген шалбарлар ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.
- пиджак, көкірекше, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (суық мезгілде: тоқылған көкірекше, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін пішіліп, ұзындығы бойынша тобықты жабуы керек, белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден аспайды;