50358
Мемлекет басшысы: Сәбилердің өлімі көбейді
Мемлекет басшысы: Сәбилердің өлімі көбейді
Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес.
«Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.