1191
Медет ЖОРАБЕК: Уақыт өзгерісті қажет етеді
Медет ЖОРАБЕК: Уақыт өзгерісті қажет етеді
– Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолында жастардың рөлі ерекше. Әрбір азамат, оның ішінде жастар сапалы білім алып, бақуатты, әділетті Қазақстанда өмір сүруі қажет. Барлығымыздың басымызды біріктіретін ортақ мақсат осындай болса елімізде оң өзгерістер көбейе бермек. Биыл партия атауының «AMANAT» болып өзгеруінде үлкен мән-мағына жатқаны баршамызға аян. Партия – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір болуы шарт. Келесі кезектегі трансформация партия жанындағы жастар қанатының жаңа атауға ие болуы. бұл – уақыт талабы. Жастардың мақсаты айқын, батыл шешімдерге қадам баса алуы керек. Әрине, мұндай қадамдар үшін рухы биік болуы керек. Елі мен жерінің дамуы жолында қызмет етем деген азаматтар үшін қайтпас рух, мұқалмас ерік-жігер керек. «Жастар рухы» деген атының өзі әсерлі, әрбір жастың жүрегінен жол тапқан атауға айналатынына сенімдімін. Жастар қанатының бүгінге дейінгі атқарған қызметі мен жобалары еліміздің әрбір аймағындағы мақсатты топтардың игілігі үшін қызмет жасап келді. Алдағы уақытта да жұмыс барысы ұлғайып сұраныс пен жастардың қажетіліктері бағытында артпаса, кемімек емес. «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI сьезіне еліміздің түкпір-түкпірінен әр саланың саңлақтары мен үздіктері жиналды. Алайда осындай тарихи сәтте барлығының мақсаты мен ойы бір арнаға тоғысты. Үздік жастар мен замандас спикерлердің ұсыныстары әрбіріміздің ойымыздағы ұсынысқа айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының аталған жастар ұйымының жаңа бағытта жұмыс барысын өзгертуі мен жетілдіру жұмыстарына жасаған үндеуі әр жастың жүрегінен орын алды. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы жастар съезіне тікелей қатысып, жастармен ашық алаң құрды. Партия өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлерді қолдап, шешу бағытындағы жобаларды іске асыратынын жеткізді. Ал ендігі кезекте съезде жинақтаған білім мен тәжірибені өңірдегі жастарға жеткізу – делегаттардың басты жұмысына айналмақ.