Ержан ХАМИТОВ: Әрқайсымыздың бойымызда өр рух бар

Ержан ХАМИТОВ: Әрқайсымыздың бойымызда өр рух бар

Ержан ХАМИТОВ: Әрқайсымыздың бойымызда өр рух бар
ашық дереккөзі
672
– Көптен күткен «AMANAT» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі ішкі реформалардың жүйелі түрдегі заңды жалғасы деп білеміз. Жастар қанатының трансформациялануы басталып кетті. Атау өзгерді, логотип өзгерді. Жастар қанаты атауы­ның, логотипінің өзгергеніне ғана тоқ­тамай, толықтай жобаларды қайта жаң­ғырту көзделіп отыр. Сонымен қатар «Жас­тар рухы» деп аталуы бізге ерекше әсер қа­л­дырып отыр. Өйткені кез келген көз ашық, көкірегі ояу жастың бойында өр рух жатыр. Рухты, отансүйгіш, мемлекетшіл жас­тарымыздың көбеюіне жастар қана­тының тигізетін септігі мол. «AMANAT» партиясының жастар қана­тының трансформациясы жай ғана атау өзгерту емес. Жаңа Жастар бағдарламасы қа­был­данды. Бағдарлама модернизация процесіндегі жастардың ерекше рөлін көрсетіп, құндылықтар мен ұстанымдарды айқын­дайды. Бұл ережелер сондай-ақ Мем­лекет басшысының реформаларына қолдау көр­сету мен еліміздегі барлық жастардың басын біріктіруге себепші болмақ. Жастар қашанда қоғам дамуында ше­шуші рөл атқарады. Жастарды елдегі болып жатқан процестерге қатыстыру, адамгер­шілік тәрбиесін, білімі мен отансүйгіштік қасиеттерін арттыру – жастар қанатының басты міндеті. Мен үшін жастар қанатының алатын орны ерекше. Бұл – әртүрлі санаттағы жас­тардың басын қосатын, олардың ойын ашық жеткізе алатын Қазақстандағы ең үлкен жастар ұйымы. Бұл – үлкен мектеп. Жұмысшы, студент, кәсіпкер, өнерпаз, технар, жас әкімдер мен шығармашыл тұлғалардың басын қосқан нетворкинг форматын сағынып қалыппыз. Бұл съезд – тек қана жетістіктерді айтатын, мақтана­тын емес, өзекті мәселелерді көтеретін, жаңа идеялар туғызатын жиын. Съезд жұ­мысынан бөлек шеберлік сабақтары, әр­түр­лі тренингтер, елімізге танымал аза­мат­тармен кездесулер өтіп жатыр. Өңірімізден кел­ген делегаттардың барлығы өздерінің ойын, идеясын жинақтап, бір-бір жобадан ұсынатын болады. Алдағы уақытта соны жү­зеге асырамыз. Пленарлық отырыста табыстар мен же­тістіктер ғана емес, ең алдымен жастар­дың проблемалары талқыланды. Бұл – өзгерістің басты көрсеткіші. Еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар жастар қанатының жұмысын жақсартуды ғана емес, мемлекетті дамыту үшін экономи­ка­лық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы жал­пы идеяларды ұсынды. Мұндай саяси жиындардың пафорссыз өткені қуантады. Әдеттегі «Шапалақ ұруың керек», «Мынадай сөз сөйлеуің керек», «Былай жүруің керек» деген шектеулер жоқ, барлығы еркін форматта өтіп жатыр. Мұндай ашықтық, еркіндік жалпы съездің жақсы өтуіне, делегаттардың жаңа энергия­мен қуаттануына үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының ішінде жүргізіліп жатқан реформалар съезд бары­сында айқын сезілуде. Іс-шара барысында партия төрағасы Е.Қошанов аймақтардағы жастар қанаты­ның төрағаларымен табиғат аясында отырып біраз мәселелерді талқыладық. Бұл кездесудің орны біз үшін бөлек болды. Себебі мұндай форматтағы кездесу бұрын бізде ешқашан болмаған. Партия Төра­ғасына аймақтағы шешілуі тиіс мәселелерді айтып бердік. Ерлан Жақанұлы мұндай жиын­дар алдағы уақытта жиі ұйым­дас­тырылатынын атап өтті. Заман біздікі, Отан біздікі, мемлекет біздікі. Сондықтан да рухты, патриот жас­тардан құралған жастар қанаты бұдан ары жаңа форматта, жаңа жобалармен әлі де үлкен белестерді бағындырып, жастардың мүддесі үшін жұмыс жасайды деген сенім­демін.

Серіктес жаңалықтары