Фариза ЖЕТПІСБАЙ: Мемлекет болашағы – біз

Фариза ЖЕТПІСБАЙ: Мемлекет болашағы – біз

Фариза ЖЕТПІСБАЙ: Мемлекет болашағы – біз
ашық дереккөзі
627
– Жастар қанатын «Жастар рухы» деп атау – өте сәтті шешім. Бес күнге созылған жиын­да жастардың жақсы энергиясын, өр ру­хын толық сезіндік, мотивация алдық. Өзі­міздің кім екенімізді, қайда бара жат­қаны­мызды және өмірлік позициямыз­ды түсіндік. Жастар қанаты ұйымдастырған бұл съез­дің есімде мәңгі сақталатыны анық. Еліміздің әр өңірінен келген жастарды тыңдадым, пікір алмастық. Біз әдетте тек үлкен кісілердің ақылын тыңдап келеміз, ал бұл жолы шетел көрген, өз саласының майталман мамандарының ойларын, ақыл-кеңестерін тыңдадық. Жаңа Қазақстан құру­ды осы форумда сезіне бастағандай­мын. Талантты, жалынды жастардың энер­гиясын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, тек сезіну керек. Осындай ауқымды жиын­ға қатысқаныма қуанып жүрмін. Өзім қазақ тілінің өркендеуіне күш-жігерімді салып, ұлт руханиятына үлес қосқым келеді. Осыған дейін республика­лық ақындар айтысы, жыр мүшайралары­ның жеңімпазы атандым. Енді осы жетіс­тіктерімнің жалғасын қазақ жастары фору­мынан табамын деген үміттемін. Жастар – мемлекетіміздің болашағы. Елімізге ие болатын, оның экономикалық және ішкі, сыртқы саясатын жүзеге асыра­тын, Отанымыздың мәселелерін дүние­жүзі­лік және халықаралық деңгейде ше­ше­тін – болашақ жастар. Сондықтан бұл форум бізге мемлекетімізді дамыту үшін жігер­лен­діріп, алған білімімізді одан әрі шыңдай тү­седі. Білдірмей жастарымның жаман атын, Шығарып бабам атын, далам атын. Қарсы алғай ел ордасы, жалындатып, Атыраулық жастардың аманатын.

Серіктес жаңалықтары