ҚФФ мен Киберспорт федерациясы меморандумға қол қойды

ҚФФ мен Киберспорт федерациясы меморандумға қол қойды

ҚФФ мен Киберспорт федерациясы меморандумға қол қойды
ашық дереккөзі
50285
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен ҚР киберспорт федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос тарап ынтымақтасты нығайту мақсатында ортақ жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Қазақстанда киберфутбол қарқынды дамып келеді. Оған Қазақстан құрамасының Копенгагенде өтетін «FIFAe Nations Cup» әлем чемпионатына шығуы мысал бола алады. Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі - елімізде бұқаралық футболды дамыту. Сондықтан федерация киберспорт сол бағыттың бір бөлігі деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары