Атырауда 19 жастағы сарбаз соққыға жығылған (ВИДЕО)

Атырауда 19 жастағы сарбаз соққыға жығылған (ВИДЕО)

Атырауда 19 жастағы сарбаз соққыға жығылған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50890

Атырауда ҰҚК шекара қызметінің №2016 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан 19 жастағы маңғыстаулық сарбаз Медет Амангелді 11 шілде күні соққыға жығылған деп хабарлады turkystan.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Сарбаздың денсаулығы күрт нашарлап кеткенін туыстары 15 шілдеде білді. Олар 18 шілдеде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келіп, Атыраудағы әскери бөлімнің алдына жиналды. Медеттің анасы Дина Мергенбаева ұлының өте әлсіз, сөйлей алмайтынын айтты. 9 шілдеде ол ұлы Медетпен ұялы телефон арқылы сөйлескенде бәрі дұрыс екенін жеткізген. Сарбаздың туысы Төре Төлемісовтің айтуынша, Медет өзін кім, не үшін ұрғанын баяндаған 2 бейнежазба бар. «Бейнежазбада Медет өзін кім, қашан, не үшін ұрғанын айтты. Медеттің айтуынша, ол басқа сарбаздармен бірге 10 шілде күні туған күнін атап өтеді. Ал, келесі күні түскі үзілісте оны кеңсе бөлмесіне бір аға сержант-старшина шақырып, сол жағдай үшін ұрып-соққан. Алайда Медет туған күнін атап өтетіні жайлы алдын ала ескертіп, рұқсат алғанын айтады. Медет 12 шілде күні таңертең санитарлық бөлімге барып, 13 шілдеде таңертең бір капитан көлікпен қала шетіне апарып, оның өзіне «ішімде жын бар» деп айтқызуға көндірген», - деді ол. Медеттің әкесі әскерилердің ұлының соққы алғанына 1 апта болса да бірде-бір рет ауруханаға апарып басын МРТ-ға түсірмегенін айтты. Сондай-ақ әскерилер дәрігерлермен келісіп, шынайы диагнозын жасыруы мүмкін деген күдігін ашық білдірді. ҰҚК шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Ғалымжан Дуюсов дәл қазір түсінік бере алмайтынын және басшылықтан келісім алған соң сұқбат беретінін жеткізді. Дегенмен, ол Медеттің медициналық көмекке мұқтаж екені 15 шілде күні әке-шешесіне хабарланғанын растады.

 

Серіктес жаңалықтары