Қазақстанда пәтер жалдау құны қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда пәтер жалдау құны қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда пәтер жалдау құны қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөзі
50304
Елімізде жалға берілетін баспана құны тағы қымбаттайды. Сарапшылар алдағы тамызда жалдамалы пәтердің бағасы бірден 10-15 пайызға шарықтайды деген болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, бағаның өсуі әсіресе мегаполистерде байқалады. Жаздың соңғы айында жалдамалы пәтер бағасының өсуі жылда қайталанатын жағдай. Тамыз айында Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларда жан-жақтан келетін көп студенттер пәтер іздей бастайды. Жылжымайтын мүлік мамандары биыл жалға берілетін баспанаға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда екі есе қымбаттайтынын жеткізді. Қазақстан риэлторлар қауымдастығының басшылығы Александр Пактің айтуынша, бағасы ай сайын қымбаттайтын тұрғын үйді сатып алуға көпшіліктің қалтасы көтермейді. Оған қоса мемлекеттің пәтер ақысын субсидиялауы жалдамалы үйдің құнына әсер етеді. Бұл үшін бюджеттен 40 млрд теңге бөлінген болатын. Ресейлік компаниялардың елімізге жаппай көшуі мен туристердің көбеюі тұрғын үй нарығындағы қымбатшылыққа себеп.
«Баға енді төмендемейді. Шетелдік компаниялар Алматы, Нұр-Сұлтан сынды қалалардан кеңсе ашып жатыр. Туристер көбейді. Ресейден де келіп жатқандар көп. Демек, жалдамалы пәтерге сұраныс бар. Оған студенттер мен баспанасы жоқ адамдарды қосыңыз. Сондықтан тағы 15 пайызға дейін бағаның көтерілуі болады. Бірақ қыркүйекте кішкене сұраныс азаяды. Сол уақытта баға қайтадан қалпына келуі мүмкін», – деді Александр Пак.

Серіктес жаңалықтары