Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті

Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті

Шымкентте бассейнге құлаған бала комаға түсті
ашық дереккөзі
50171
Шымкентте 3 жасар бала бассейнге құлап, комаға түсті деп хабарлады turkystan.kz.
«23 шілде күні сағат 22:30-да жедел жәрдем қызметінен ересектердің қарауынсыз қалған жеке тұрғын үйдің ауласында 2019 жылы туған баланың қаңқа бассейніне құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бассейннің тереңдігі     1,4 м. Оқиға Абай ауданы, Сығанақ көшесінің бойындағы Қызылжар тұрғын алабында болған. Бала қалалық балалар ауруханасына (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Ми ісінуі.    Кома 1) жатқызылды», - делінген хабарламада.
Дәрігерлер 24 шілдеге қараған түні тағы бір баламен оқыс оқиға болғанын айтты.
«Абай ауданы, Мейірімді көшесінің бойындағы «Самал-3» ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап кеткен. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 22 шілде күні Қызылордада 2 жасар сәбидің үрлемелі бассейнге батып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары