Азық-түлік бағасын бақылауға арналған платформа іске қосылады

Азық-түлік бағасын бақылауға арналған платформа іске қосылады

Азық-түлік бағасын бақылауға арналған платформа іске қосылады
ашық дереккөзі
50312
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын бақылауға арналған жаңа платформа іске қосылатынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz.  
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Үкімет жыл аяғына дейін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін ірі сауда желілеріне жеткізуді қолдауға бағытталған заңнамалық бастамаларды ұсынуды жоспарлап отыр. Мысалы, сөрелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, үстемеақы шегін реттеу және делдалдар санын азайту шаралары пысықталады», – деді  министр.
Сондай-ақ министр Qdate аналитикалық платформасының не үшін құрылып жатқанын түсіндірді.
«Ол ішкі сауданың жай-күйіне, инфрақұрылым жүктемесіне, импорт-экспорт динамикасына, тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруіне талдау мен мониторинг жасап, мемлекеттік органдарға сапалы аналитика ұсынады. Бұл талдаулардың бәрі ашық жарияланады. Соның арқасында бизнесте әділ бәсеке қалыптасып, тұтынушыларға сапалы өнімді қолжетімді бағамен алу мүмкіндігі туады», – деді Бақыт Сұлтанов.

Серіктес жаңалықтары