Павлодарда автобус аударылып, 16 адам ауруханаға түсті

Павлодарда автобус аударылып, 16 адам ауруханаға түсті

Павлодарда автобус аударылып, 16 адам ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
50268
Павлодар облысының Бәйет ауылы маңында вахтамен жұмыс істейтін адамдарды таситын автобус аударылды. Салдарынан 16 жолаушы зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz.   Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 желісіне ірі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама бүгін сағат 12:38-де түскен.
«Қоңырау шалушылардың айтуынша, Екібастұздан 25 шақырым жерде вахташыларды Атырауға алып бара жатқан автобус аударылған. Оқиға орнына 5 жедел жәрдем бригадасы жіберілді», – деді станциядан.
Медицина қызметкерлері шақыру орнына 14 минутта жеткен. Автобуста барлығы 32 адам болған. Оның 16-сы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.
«19-53 жас аралығындағы ер адамдарда бассүйек ми жарақаттары, мидың шайқалуы, түрлі көгерулер мен сынықтар тіркелді», - делінген облыстық жедел жәрдем станция өкілдері.
Облыстық Полиция департаменті жол апаты туралы әзірге ақпарат ұсынған жоқ.

Серіктес жаңалықтары