«ҚазАзот» цехының шатыры құлады

«ҚазАзот» цехының шатыры құлады

«ҚазАзот» цехының шатыры құлады
ашық дереккөзі
50355
Ақтаудағы «ҚазАзот» АҚ цехының шатыры опырылып түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ деп хабарлады turkystan.kz. 24-25 шілдеге қараған түні «ҚазАзот» АҚ аумағында қатты дауыл болған. «ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметі кәсіпорында күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехы (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара қирағанын растады.
«Оқиға 24 шілдеде сағат 05:20-да болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлап кеткен. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға болған жер «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС авариялық-құтқару қызметінің қатысуымен тексерілді», - делінген «ҚазАзот» баспасөз қызметінің ақпаратында.
Қазіргі уақытта қауіпті аймақ қоршалып тұр. Қызметкерлерге де кіруге тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары