Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды
ашық дереккөзі
50221
Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Олардың екеуін Достық шағынауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ұстады. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді. «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға түсірді.
«Сараптама қорытындысына сәйкес,  жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Серіктес жаңалықтары