ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды

ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды

ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды
ашық дереккөзі
50342
Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты. Мекеме басшысы 12 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпталып отыр деп хабарлады turkystan.kz қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, Базарханова 2013 – 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақшаны жымқырған. Мектеп директоры өзіне оқу сағаттарын жазып, ақы алып отырған. Бірақ, шын мәнінде, ешқандай сабақ өткізген жоқ. Ал балалар ем алу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, Базарханова интернат қызметкерлеріне «қосымша жұмыс істегендері» үшін ақы аударып отырған, кейіннен олар ол ақшаларды есеп шоттарынан шешіп, Базархановаға қайтарып беріп отырған. Шын мәнінде, қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған», – делінген хабарламада. Интернат директоры онымен шектелмеген. Танысынан қарызға ақша алып, артынан оны қайтару мақсатында жұбайын жұмысқа алған. Осылайша, 729 мың теңге «еңбекақы» төлепті. Ал, шын мәнінде, бюджет қаражатын талан-таражға салып, соның есебінен қарызын жапқан. Базарханованың ісі облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасында қаралды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарды. Сот алқасы жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, экс-директорды 4 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары