Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

Тамызда бірнеше өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
ашық дереккөзі
50354
«Қазгидромет» тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болуы мүмкін. Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше, ылғал молырақ болады. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ауа райы ылғалды болмақ.

Серіктес жаңалықтары