«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз 2.1а» ұшырылады

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз 2.1а» ұшырылады

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз 2.1а» ұшырылады
ашық дереккөзі
50479
Екі айлық үзілістен кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кезекті ұшыру 2022 жылдың 9 тамызына жоспарланған деп хабарлады turkystan.kz. Бұдан бұрын Байқоңырдан «Союз МС-20» көліктік жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған еді. Қазақстандық тараппен бекітілген кестеге сәйкес, 2022 жылғы 9 тамызда «Байқоңыр» ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз 2.1а» зымыран тасығышы ұшырылады, ол орбитаға спутниктер шоғырын шығарады. Бірақ 2022 жылдың қыркүйек айының бірінші онкүндігіне жоспарланған «Ангосат-2» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышының «Байқоңыр» ғарыш айлағынан биылғы алғашқы ұшырылымы кейінге шегерілді. Ал «Союз МС-22» ғарыш кемесі ХҒС-қа 2022 жылдың 21 қыркүйегінде келесі экспедициямен ұшырылады. Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин, сондай-ақ ХҒС кросс-ұшу бағдарламасы бойынша ұшатын америкалық астронавт Франсиско Рубио бар.

Серіктес жаңалықтары