Ресейде бір топ өзбекстандық ауруханаға түсіп қалды

Ресейде бір топ өзбекстандық ауруханаға түсіп қалды

Ресейде бір топ өзбекстандық ауруханаға түсіп қалды
ашық дереккөзі
50275
Волгоград маңында астан уланған 11 мигрант ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.
«Быковская орталық аудандық ауруханасына улану белгілерімен Өзбекстанның 18 және 60 жас аралығындағы 11 тумасы жеткізілді» деп жазылған ресми хабарламада.
Екі науқас Волгоград облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді, тоғыз адам «жедел гастроэнтероколит» алдын ала диагнозымен Быковская орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
«Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Алайда, пациенттер сараптама нәтижелері алынғанша дәрігерлердің бақылауында болады», -  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары