Бейнеуде 300-ге тарта теміржолшы жұмысқа шықпай қойды

Бейнеуде 300-ге тарта теміржолшы жұмысқа шықпай қойды

Бейнеуде 300-ге тарта теміржолшы жұмысқа шықпай қойды
ашық дереккөзі
50269
Маңғыстау облысында Бейнеу жол дистанциясында 300-ге тарта теміржолшы жұмысын тоқтатып тастады деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 
«Оған себеп – басшылардың әрекетсіздігі», - дейді жұмысшылар.
Азаматтар жалақы мәселесін басшылары арқылы шеше алмаған соң, Президент пен Премьер-министрге үндеу жолдап жатыр. Теміржолшылар әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін жалақымызды 100 пайызға көтерсін дейді.
«Қойылған талаптарымыздың орындалмауына байланысты, Еңбек кодексінің нормаларын сақтай отырып, заңды түрде ереуіл жариялап, жұмысшылардың жұмысты тоқтатқанын мәлімдейміз. Жұмыс беруші тарапынан заңсыз қудалау мен қорқытып, үркітулер болмауын талап етеміз», - дейді Бейнеу жол дистанциясының жұмысшылары.
Бұған дейін наурызда дәл осы азаматтар жалақыны көтеруді талап етіп бейбіт ереуілге шыққан еді.
«Сол уақыттан бері басшылық бізді балаша алдап, жалақымызды көтермей келеді» дейді теміржолшылар.
Олардың айтуынша, қазір ең төменгі жалақы 180 мың теңге көлемінде. Мамандар рельстерді жөндейтін ауыр жұмыс үшін бұл ақы, тіпті, мардымсыз деген пікірде. Бастамашыл топтың жалақыны 100 пайызға көтеру туралы талаптарын компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды.
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының кірістері белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды», - делінген «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ ресми мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ұлттық компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізетініне сендіреді. Одан бөлек, жағдайды реттеу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін шараларды қабылдайтынын мәлімдеп отыр.

Серіктес жаңалықтары