Қаңтардан бастап "Б" корпусының қызметкерлері аттестациядан өтеді

Қаңтардан бастап "Б" корпусының қызметкерлері аттестациядан өтеді

Қаңтардан бастап "Б" корпусының қызметкерлері аттестациядан өтеді
ашық дереккөзі
197

2016 жылдың қаңтарынан бері азаматтарға дөрекі сөйлеген әрі міндетін дұрыс атқармаған 65 мемлекеттік қызметкер жазаланған. Дегенмен, олардың 3 пайызы ғана заң бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алматы арнасы хабарлайды. 

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, олардың басшылары заң бұзушылыққа атүсті қараған. Нәтижесінде, қызметкерлер ескертпе, сөгіс алумен шектелген екен.

Бірақ жаңа жылдан кейін тәртіп қатаңдатылмақ. 2017-ші жылдың қаңтар айынан бастап, «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметкерлерді жоспардан тыс аттестация күтіп тұр. Осы тексеріс арқылы мамандардың жұмысқа деген қабілеті анықталатын болады.

«Мемлекеттік қызметкердің істеген әрбір жұмысы 5 балдық жүйе бойынша бағаланады. Ал, ережені бұзғаны, айыппұл санкциялары мен еңбек және орындау тәртібін бұзғаны үшін сол балдан алынады», - деді Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова.

Серіктес жаңалықтары