Бүгін - Ресейде аза тұту күні

Бүгін - Ресейде аза тұту күні

Бүгін - Ресейде аза тұту күні
ашық дереккөзі
250
Мұндай мәлімдемені кеше Ресей президенті Владимир Путин жасады. Оған қоса, Қара теңізге құлаған әуе кемесінің не себепті апатқа ұшырағаны жіті тексеріледі және қаза тапқандардың отбасына барынша көмек көрсетілмек. Еске сала кетейік, кеше таңертең Ресейдің Сочи қаласындағы аэродромнан Мәскеу уақытымен сағат 05.20-да ұшып шыққан Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлады. Кейінірек Қара теңіз жағалауынан 1,5 шақырым қашықтықта ұшақ қирандылары, ал 5,5 шақырым қашықтықта жолаушылардың жеке заттары табылды. Ұшақ бортында болған 8 экипаж мүшесі, 8 әскери қызметкер, бұқаралық ақпарат құралдарының 9 өкілі, Александров атындағы ансамбльдің 64 мүшесі және «Әділетті көмек» атты халықаралық қоғамдық ұйым төрайымы мен федералды мемлекеттік азаматтық екі қызметкері түгел қаза тапты. Олар Хмеймим аэродромында жаңажылдық концерт қоюға бара жатқан.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қорғаныс және қауіпсіздік федералдық кеңесі комитетінің төрағасы Виктор Озеровтің мәлімдеуінше, ұшақтың құлауына террорлық акт емес, техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін. Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында ұшақ бортында болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөні жарияланды. Қазір Қара теңізге Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері мен тергеу топтары жұмылдырылды.  

Серіктес жаңалықтары