Автобуста бұрынғы әйелін өлтірмек болған алматылық қамауға алынды

Автобуста бұрынғы әйелін өлтірмек болған алматылық қамауға алынды

Автобуста бұрынғы әйелін өлтірмек болған алматылық қамауға алынды
ашық дереккөзі
50192
Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышақтамақ болған ер адам қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.  Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Прокуратураның келісімімен, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Алматы әкімі әйелді құтқарған Райымбек Медетбекті марапаттады.

Серіктес жаңалықтары