50318
Үкімет басшысы Алматы облысындағы «G4 City» жобасын тезірек іске асыруды тапсырды
Үкімет басшысы Алматы облысындағы «G4 City» жобасын тезірек іске асыруды тапсырды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу шараларын және инвестициялық резидент мәртебесін беру мәселелерін қарады.
Премьер-министр «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды.