Татарстандағы Жәңгір ханға қойылған ескерткіш-тақтаның жазуы өшіп барады (ВИДЕО)

Татарстандағы Жәңгір ханға қойылған ескерткіш-тақтаның жазуы өшіп барады (ВИДЕО)

Татарстандағы Жәңгір ханға қойылған ескерткіш-тақтаның жазуы өшіп барады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
51036
Қазан қаласындағы белді оқу орнының қабырғасына ілінген XIX ғасырдағы қазақтың көрнекті ағартушысы, Қазан университетінің меценаттарының бірі Жәңгір ханға арналған мемориалдық тақта ескіріп барады деп жазды turkystan.kz. Мемориалдық тақтаны 2013 жылдың 12-наурызында Нұрлан Ноғаев (сол жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі) бастаған Қазақстан делегациясы, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып жүрген Ғалым Оразбақов және ҚФУ (Қазан федералдық университеті) президенті бастаған жергілікті оқу орнының басшылығы ресми ашқан болатын. Ал бүгінде қазақ ханына қойылған құрмет тақтасындағы әріптер бүлініп жатыр. Күн сәулесі, жаңбыр мен желдің әсерінен ескерткіштегі кей әріптер көзге көрінбейтіндей күйге түскен. Мұндай өзгерісті Н.И.Лобачевский атындағы ҚФУ ғылыми кітапханасына арнайы барған Абай Мырза есімді отандасымыз байқап қалған.
«Сирек ктіаптар қоры бөлімі орналасқан ғимарат қабырғасында Жәңгір хан бабамыздың құрметіне қойылған ескерткіш-тақта бар екен. Бірақ оның жазулары өшіңкіреп қалыпты. Мұны қайта жаңалау керек шығар, мүмкін...» деп жазды Абай Мырза.
Сондай-ақ ол сөзінің дәлелді болуы үшін әлеуметтік желідегі парақшаларына фото-видео жүктеген. Осыдан кейін РФ-дағы елшілік немесе құзыретті тұлғалар тарихи тұлғамызға қатысты белгінің жай-күйін бақылауға алады деп үміттенеміз. Айта кетейік, Татарстандағы Қазан университетінің іргетасы 1804 жылы қаланған.  Ал Жәңгір хан Қазан университетінің құрметті мүшесі болған.

Серіктес жаңалықтары