50350
2022 жылы 1400-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген
2022 жылы 1400-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген
Айналдырған жеті айдың ішінде 1400-дей жемқорлық қылмысы тіркеліп, 900-ге жуық тұлғаның ісі әшкере болды деп хабарлады turkystan.kz Atameken Business сайтына сілтеме жасап.
Қызметіндегі жетістіктерін арқалап, Ақордаға келген Антикор басшысы Олжас Бектенов Президентке есеп берді. Ол сыбайлас жемқорлық қауіптері мемлекеттік қызметте жоспарлаудан бастап, орындауға дейінгі барлық сатыда кездесетінін айтты. Агенттік төрағасы, сондай-ақ, статистикалық көрсеткіш үшін жасалатын шаралар алынып тасталғанын жеткізді. Кездесуде Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.