50269
«Зриньскиге» жақтасқан жанкүйер: 5 мың теңге төледі, жасырмаймын!
«Зриньскиге» жақтасқан жанкүйер: 5 мың теңге төледі, жасырмаймын!
Кеше UEFA Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің ойындары өтті. Қостанайлық «Тобыл» командасы босниялық «Зриньски» командасын өз алаңында қабылдады. Қос ойын қорытындысы бойынша Сергей Якировичтің футболшылары келесі кезеңге жолдама алды.
Ойын кезінде стадиондағы қонақтарға арналған трибунада «Зриньскидің» шарфын мойнына ораған қазақстандық жанкүйерлер отырды. ВКонтакте желісіндегі Goal.kz парақшасында сол жанкүйердің бірінің сұхбаты жарияланды. Онда аты-жөнін айтуды жөн санамаған жанкүйер не себепті «Зриньскиге» қолдау көрсеткенін түсіндірді. Сондай-ақ ол үшін сыйақы алғанын да жасырмады.
– Біз «Тобыл» командасына жеңіліс тілеген жоқпыз. Керісінше екі жақты да қолдадық. Қонақтардың аймағында отырғаным үшін маған ақша төледі. Қолыма атрибуттар берді.
– «Зриньскиге» жанкүйер болу туралы ұсынысты сізге кім айтты?
– Өтірік айтып қайтемін, әрқайсымызға 5 мың теңгеден берді. Бірден келістік. Ол әрекетім үшін ұялмаймын. «Тобыл» жеңілді, әрине, өкінішті. Бұған дейін де елімізде өткен еурокубоктік ойын кезінде қарсылас команданы жақтаған жанкүйерлер болған. Атап айтсақ, «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойында да мыңдаған қазақстандық стадионға қонақ команданың футболкасын киіп келген. Сондықтан оған еш таңғалудың қажеті жоқ.