Өскеменде 12 жастағы аутист бала жоғалып кетті

Өскеменде 12 жастағы аутист бала жоғалып кетті

Өскеменде 12 жастағы аутист бала жоғалып кетті
ашық дереккөзі
50311
14 тамызда Өскеменде 12 жастағы бала жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2010 жылы туған Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Іздестіруге көмектесуін өтінген оның туыстары түскі сағат үште полицияға хабарласқан. Бұл сигналды алған полиция дереу іздеу жұмыстарын бастады, оған құтқарушылар, кинологтар, ҚР ҰҚК, еріктілер де тартылды.  width= Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйді аралау жұмыстары басталды. Бала тұратын Согра ауылында еріктілер жапсырған парақшаларда оның аутист екені, сөйлемейтіні, эпилепсиямен ауыратыны көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары