«Бізге қалада отырып, ауылдағы мұғалімдерді сынаған оңай» – кәсіпкер

«Бізге қалада отырып, ауылдағы мұғалімдерді сынаған оңай» – кәсіпкер

«Бізге қалада отырып, ауылдағы мұғалімдерді сынаған оңай» – кәсіпкер
ашық дереккөзі
50414
Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Ата-ана үшін баласының киім-кешегінен бөлек білім алуы, сабақты жақсы оқуы да маңызды. 2020 жылы пандемиямен бірге онлайн білім беру жүйесі келді. Бірнеше ірі платформалар әр өңірде онлайн білім алуға мүмкіндік жасады. Солардың бірі – Sabaq Online. Аталған компанияның негізін қалаушы әрі директоры Бөгенбай Серікбаймен сұхбаттасып, еліміздегі білім сапасы туралы әңгіме өрбіттік.  width= - Қазақстанда 2020 жылдан бастап білім беруге бағытталған онлайн платформалар, орталықтар көбейді. Қазір дәстүрлі білім беру қайта жанданып, оқушылар мектепте оқып жатыр. Өздерің секілді платформалар алда әлі де көбейе ме, әлде үлкен бірлестіктерге жұтылып кетеміз деп алаңдай ма? - Жаңа жобалардың, платформалардың ашылғаны жақсы. Себебі әр адам өзінше идея әкеледі. Бәлкім, баланы қызықтырудың ерекше тәсілін ойлап табар. Мәселен, оқушылар негізінен мұғалімді таңдап келеді платформаға. Ал, мұғалім дегеніміз, хирург секілді. Егер хирург операция кезінде сізден кесуге арналған арнайы пышақты сұрап тұрса, сіз оған жай пышақ ұстата салмайсыз ғой. Яғни "бұл да тіледі ғой" дегендей ой болмауы тиіс. Мұғалімнің алдында бір емес, жиырмадан көп оқушының тағдыры тұр. Ол тікелей сол жердегі әр баланың өміріне әсер етуші адам. Сол үшін мұғалімнің қолына құралдар керек. - Нақты қандай құралдар туралы айтып отырмыз? - Ол құралдар туралы білу үшін ауылға барған дұрыс. Сонда 3-4 жыл жұмыс істеп, ондағы жағдайды көзбен қарау қажет. Ал біз қаланың қақ ортасында «Старбакс» секілді кофеханада отырып алып: «Ауылдағы мұғалімдер осындай, оларға мына құралды беру керек», -  деп талқылауға саламыз. Кофе ішіп отырып айтылған идея басқа, ауылдағы өмір мүлде басқаша. «Бізде сауалнама атымен жоқ» - Әлемде сауалнама арқылы адамдармен байланыс орнату, коммуникация жасау жақсы дамыған. Бізде білім саласында нақты зерттеу институттары жоқ деуге болады. Қалада отырған адамдар ауылға мамандарды жіберіп, олармен тығыз қарым-қатынас орнатуы тиіс. Сөйлесу керек. Сауалнама алуы қажет. Білім министрлігінде дәл осы мәселені шешу үшін зерттеу институты болу керек секілді. Ауылға жіберген оқулықтарды оқытып, олар туралы мұғалімдердің ойын біліп, идеясын тыңдау қажет. Кері байланыс туралы айтып отырмыз қазір. Бізде бұлардың бірі де жоқ. Міне, осы жерден ауылдағы мұғалімге керек құралдар пайда болады: кітаптың дизайны, мәтіндердің орналасуы, одан бөлек, онлайн болатын болса, платформаның түсі қандай болған дұрыс, қай батырма дұрыс тұрған жоқ деген секілді көптеген ұсақ-түйек нәрселерді қадағалайды. Ауылдағы мұғалімдерге ыңғайлы платформалар жетіспейді. Мәселен, біз фокусты «Жыл мұғалімі», «Дарын», кезіндегі «КТЛ» секілді, «НЗМ» мұғалімдеріне қоямыз. Ал еліміздегі 95% білім беретін ұстаздар ауылдағы мектепте бала оқытып отыр. Соларға қарай бұрылу керек. Олардың платформаны игеруі қанша уақыт алады, соны есептеген дұрыс. 30-45 минутта түсініп, үйреніп алатын әрі олардың 40-50 мың теңге тұратын смартфондары көтеретін платформа болса, онда нәтижеге жетуге болады. Бізде ше? Қалада отырып алып, айфонға арнап жасап алған платформаны «несі қиын, ыңғайлы ғой» деп айтамыз. Ол бізге ыңғайлы шығар, бірақ ауылдағы мұғалімдерге өте қиын.  width= «Білім алуға деген ниеті бар оқушылардың саны – 5-7%» - Елімізде жалпы білім алуға деген ниеті бар, оқығысы келетін оқушылардың саны – 5-7 %. Қалған 95% оқушының оқығысы келмейді. Ашығын айтайық, олар үшін сылтау бірінші орында - «әлі уақыт бар», «үлгеремін» деп жүре береді. Ауылға барсаңыздар, көресіздер. Ал қаладағы оқушылар мүлде оқымайды. Олар шектік бағаны алсам болды, ата-анам оқытады деп есептейді. Бұл - мойындасақ та, мойындамасақ та ашық айтылуы керек шындық. Балаға бүкіл жауапкершілікті жүктеп қоямыз. Иә, шетелдік тәжірибе деп жатамыз, бірақ бізге әлі ерте. Оқушылардың көбінде ішкі комплекстері бар. Олар үшін түрі, жақсы оқуы-оқымауы да проблема. Сол нәрсемен күресіп жүрген оқушыға келіп көмектесудің орнына бәрін өзіне итереміз. Мысалы, басқа бір баланың жетістігін айтып, бизнестегі дем беру әдісін пайдаланамыз. Егер дәл осы тәсілмен кетсек, баланы өлтіріп аламыз. Әр баланың жеке тұлға екенін сезініп, олармен жеке-жеке жұмыс істеу керек екенін түсінетін уақыт келді. - Онлайн білім беретін платформалардағы курстардың бағасы ата-ана үшін тиімді ме? - Әрине. Негізі, онлайн платформалардың басты мақсаты да сол. 5-6 есеге дейін төмен әрі тиімді баға ұсынамыз. Тіпті бөліп төлеу де қарастырылған. Ата-ана үшін, бұл - өте жақсы мүмкіндік. Біз кейде жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп, олардың балаларына тегін курстар ұсынамыз. Арнайы біріккен түрде жұмыс істейтін жобаларымыз да бар. Қазіргі оқушылардың бойында ойын ашық айтатын қасиеттері бар. Не ойлайды, соны айтады. Сыни ойланулары жақсы дамыған. Табыс табуға деген ниеттері бірден көрінеді. Дегенмен біздегі білім саласына әлі көп жұмыс істеу керек. Әлемдік тәжірибемен ілесе отырып, дамудың ең тиімді жолын таңдаған дұрыс.

Сұхбаттасқан - Марғұлан АҚАН.

Серіктес жаңалықтары