Есірткінің ең ауыр түрін сатумен айналысқан тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Есірткінің ең ауыр түрін сатумен айналысқан тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Есірткінің ең ауыр түрін сатумен айналысқан тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50649

Есірткі сатумен айналысқан жамбылдық 15 жылға дейін сотталуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жамбылдық полицейлер алғашқы дозадан-ақ тәуелділікке әкеп соғатын есірткінің ең ауыр түрлерінің бірі - героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жариялады. Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде героин өткізумен айналысқан. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында үйінен жалпы салмағы 10 грамм героин табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру шаралары Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесе «Қарасора-2022» республикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Қазір аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бапқа сәйкес күдікті 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

 

Серіктес жаңалықтары