50176
Елордада карантин жеңілдетіледі
Елордада карантин жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева елордада коронавирус инфекциясының профилактика шараларын жеңілдететін қаулыға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
Маска тағу ұсынылады:
- адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.) барған жағдайда;
- ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде;
- сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде.
- тұрғындар арасында коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.