Дәурен Абаев: жас жазушылар мен ақындарға сыйақы тағайындалады

Дәурен Абаев: жас жазушылар мен ақындарға сыйақы тағайындалады

Дәурен Абаев: жас жазушылар мен ақындарға сыйақы тағайындалады
ашық дереккөзі
50298
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Павлодар облысында халықпен кездесу кезінде 2023 жылдан бастап 18 бен 29 жас аралығындағы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол жас қаламгерлерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобаларға тоқталып кетті.
«Біз «Жаңа қазақ әдебиеті» атты жобаны қолға алдық. Оның аясында жас авторлардың кітаптары 3000 дана таралыммен шығатын болады. Бұл жұмыс өскелең ұрпақтың жаңа ойлау жүйесін дамытуға, олардың шығармашылық рухы мен жаңашыл идеяларын қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар, қазір жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайтын тұңғыш ұлттық әдеби «Айбоз» сыйлығына өтінімдер қабылдануда. Осылайша, жаңа бастаған авторларды, прозадағы, поэзиядағы және драматургиядағы мықты таланттарды қолдаудың жаңа тетіктерін жасап жатырмыз», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетсек, бұған дейін Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығының құрылғанын мәлімдеген болатын. Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары