Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады

Қазақстанда кеңсе тауарлары 12 пайызға қымбаттады
ашық дереккөзі
51412
Биыл шілдеде кеңсе тауарларының бағасы бір жыл ішінде 12,3%-ға өсті деп хабарлады turkystan.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Өңірлік тұрғыда бағаның ең көп өсуі Түркістан облысында байқалды: 50,1%-ға. Сондай-ақ Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматыда (14,5%) баға айтарлықтай өсті. Ең аз жылдық баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді: 1,2%-ға. Мысалы, сурет дәптерлерінің бағасы бір жылмен салыстырғанда 14,1%-ға, шарикті қаламдар 13,2%-ға, түрлі-түсті қарындаштар 12,1%-ға, дәптерлер 12%-ға, А4 форматындағы қағаз 10,6%-ға қымбаттады. Жалпы, ағымдағы жылдың шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметтері бір жылда 7,1%-ға, орта – 6,8%-ға, кәсіптік орта – 11,7%-ға, жоғары – 17,7%-ға, ересектерге білім беру – 10,7%-ға қымбаттады. Өңірлік тұрғыда білім беру қызметтері бағасының ең көп өсуі Атырау (50%-ға), Павлодар (19,4%-ға) және Шығыс Қазақстан (19,1%-ға) облыстарында байқалды.

Серіктес жаңалықтары