Дәл қазір көру керек фильм: алаяқтар қалай алдайды?

Дәл қазір көру керек фильм: алаяқтар қалай алдайды?

Дәл қазір көру керек фильм: алаяқтар қалай алдайды?
ашық дереккөзі
50438
Телефонға келген бөтен нөмірді «біреу іздеп жатқан болар» деген оймен көтеріп, арғы жақтағы сөйлеп жатқан адамның кім екенін білместен өзінің жеке ақпаратын, құпия мәліметтерін айтып, арандап қалған отандастарымыз күн сайын көбейіп келеді. Аталған тақырыпта turkystan.kz сайтының тілшісі арнайы зерттеу материал дайындап ұсынған болатын. Бұл жолы сіздердің назарларыңызға 2021 жылы жарық көрген, Оңтүстік Корея түсірген триллер әрі детектив, криминал жанрдағы «Байланыста» (На линии) фильмін ұсынамыз. Ким Сон және Ким Гок режиссер болған фильмде қарапайым өмірдегі адамдардың қалай алаяқтардың құрығына ілініп қалатыны көрсетіледі. Басты рөлдегі Со-джун есімді азамат бұрын полиция бөлімінде қызмет еткен. Кейін жұмысын құрылыс компаниясында бірнеше жыл еңбек етіп, бригадир деңгейіне жеткен.  width= Со-джун мен келіншегі көлемді ақша жинап, үй алуға бел байлап жүреді. Фильм құрылыста болып жатқан оқиғадан басталады. Басшылық оны өзіне шақырып, жұмыстағы жақсы жетістігі үшін жалақысын көтеруді ұсынады. Ол қуанышты жаңалықты келіншегіне жеткізеді. Осындай бір қуанышқа толы сәттің күлін көкке ұшырған, құрылыс алаңына келіп, Со-джунға бейтаныс әлдебір жігіттің жұмысқа кірісіп кеткені еді. Аса мән бермей қалған бейтаныс адам құрылыс маңында арнайы радиотолқын аппаратын орнатып, сол жердегі байланыстардың бәрін үзеді. Аяқастынан жұмыс істеп жатқан жерде қауіпті жағдай орын алып, бұған басты рөлдегі жігітті кінәлі етіп көрсетіп, оның ендігі өмірі түрмеде шірімес үшін алаяқтар келіншегіне байланысқа шығады. Жағдайды естіген келіншегі кімге хабарласса да, бәрі болған оқиғаға кінәлі күйеуі екенін айтады. Осындай шытырман оқиғамен басталатын фильмдегі әр байланысқа шыққан ресми өкілдердің артында алаяқтар отырғанын ешкім сезбейді. Дәл осы әдісті ашып көрсетуге тырысқан фильм енді Со-джунды құтқару үшін келіншегі аударып жіберген қомақты ақшаны табуға ұласады.  width= Фильмдегі алаяқтар біреу не бесеу емес. Олар жүздеген адамдардан құралған, барлық хакерлік байланысты меңгерген адамдар тобы. Онда: сценарий жазатын, байланысқа шығатын, техникалық жақтан қауіпсіздікті қабылдайтын адамдар отырады. Бәрі бір-бірімен тығыз байланыста. Бір қызығы, алаяқтар Қытайда отырып Кореядағы адамдардың жеке құпия мәліметтеріне қол жеткізіп отырған. Ол үшін Кореядағы өз адамдары ақпарат базасын алып берсе жеткілікті.  width= Фильмді көру арқылы сіз кез келген бөтен нөмір түгілі, жақын адамыңыздан келіп тұрған қоңырауды тексеретін боласыз. Тіпті олардың өзі алаяқ болып шықпауы үшін барынша сақ қимылдайсыз.

Серіктес жаңалықтары