221
Алматыны көлік кептелісінен құтқару үшін 42 млрд теңге жұмсалмақ
Алматыны көлік кептелісінен құтқару үшін 42 млрд теңге жұмсалмақ
Көшелері көлік кептелісінен көз ашпайтын Алматы үлкен өзгерістер алдында тұр. Қаладағы ең өзекті мәселені шешу үшін бюджеттен 42 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек, деп хабарлайды 31 арна.
Жолаушылардың жолын бөгейтін «Алтын орда» базарының маңындағы кептелісті азайту үшін Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары басталып кеткен.
Бұл аумақта тас жолдың енін он жолаққа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Яғни, әр бағыт үшін бес жолақ қолданысқа беріледі. Келер жылы пайдалануға берілетін Солтүстік айналым мен Бөкейханов көшелерінің қиылысындағы жолайрық "Барахолка" базары аумағындағы кептелісті азайтады.
Ал Сейфуллин мен Жансүгіров даңғылдарының түйіскен тұсына да көлік жолайрығы салынады. Ал Фурманов көшесі Жансүгіров даңғылына дейін ұзартылады. Сондай-ақ, Рысқұлов-Емцов және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылыстарында шағын көлік жол айналымдары жасалмақ. Одан бөлек, қазір қалада "Достық" және "Сарыарқа" метро станцияларының құрылысы жүріп жатыр.