Мемлекеттік туды тасқын судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті (ВИДЕО)

Мемлекеттік туды тасқын судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті (ВИДЕО)

Мемлекеттік туды тасқын судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50404
Тасқын су ортасынан Туды алып шыққан Есімжан Нәдіров Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өткен жылдың желтоқсан айында Мақтаарал ауданында су тасқыны болып, полиция майоры Есімжан Нәдіров суық суды белуардан кешіп, Мемлекеттік туды аса ұқыптылықпен тасқын ортасынан алып шыққан болатын. Бұл көрініс түсірілген видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілікті тәнті еткен еді. Полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Нәдіров ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. 2011 жылы ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген. Еңбек жолын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тергеуші болып бастаған. Кейінгі жылдары Мақтаарал ауданында тергеуші, аға тергеуші, анықтау бөлімінің бастығы, көші-қон полициясы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бері Жетісай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары