Ақтөбе облысында ауыл тұрғынына оқ тиді

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынына оқ тиді

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынына оқ тиді
ашық дереккөзі
50165
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұрғынға оқ тиіп, жараланды. Қару қолданған күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті Мөңке би ауылында болған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты. Алайда, оқиғаның мән-жайын нақтыламады.
«Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қылмыстық іс бойынша күдікті адам анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарақат алған адам аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқ оның қолына тиген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң науқас Ақтөбе қаласына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары