Бүгін кей өңірлерде үсік жүреді

Бүгін кей өңірлерде үсік жүреді

Бүгін кей өңірлерде үсік жүреді
ашық дереккөзі
50206
«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары